 
                                
             17.11.2023
                17.11.2023
        Мектебімізде 13-қараша күні мектепішілік ұлдар жиналысы өткізілді Ұлдар  жиналысына  6-11 сыныптың  ұлдары , Әлеуметтік педагог, АӘДТ пәнінің мұғалімі, Денешынықтыру пәнінің мұғалімі   қатысты. Мақсаты: Ержігіттің қалай болу керектігі, ел -жұрт, үлкен кіші, кәрі-жас алдында өзін қалай ұстап, үлкенге құрмет, кішіге ізет  жасау, отбасы мен ел-жұртына қалай  үлгі-өнеге болу, зиянды заттардан аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстану  секілді  істерге бағыт-бағдар беру, тәрбиелеу.  Ұлдар жиналысында  Әлеуметтік педагог  Аманжол Б  «Құқық бұзушылық қайдан шығады?»  тақырыбында  баяндама оқып,  ұл балалардың тәртібі мен кемелет жасына толмаған оқушылар арасындағы  құқық бұзушылықтар, тәртіпсіздік, буллинг, зорлық-зомбылық мәселелері  туралы  айтып,, мысалдар келтіріп түсіндіріп өтті.
АӘДТ пәнінің мұғалімі  Ауел Б «Ұл тәрбиесі-ұлт тәрбиесі» тақырыбында   баяндама  оқып,  ұлдар тәрбиесі  бойынша  маңызды  кеңестер ұсынды.  Денешынықтыру пәнінің   мұғалімі  Буланбай Т «Зиянды заттардан аулақ бол!» тақырыбында баяндама оқып,  ұлдарды  темекі, ішімдік, есірткі заттарын  қолданудан сақ болуға , салауатты өмір салтын ұстануға шақырып,  бейнероликтер көрсетті.